1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Қор медициналық көмек көрсету қызметтерін сатып алу туралы қосылу келісімін ТМККК және МӘМС жүйесі аясында бірқатар тармақ бойынша оңтайландырды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қосылу шартына енгізілген өзгерістерге түсініктеме дайындап, жеткізушілерге қойылатын талаптарды қайта қарады.
Қосылу шарты дегеніміз не? Сатып алу рәсімдері аяқталып, қорытынды хаттама жарияланғаннан кейін медициналық ұйымдар Қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасады (ҚР ДСМ №242 бұйрығымен бекітілген медициналық қызметтерді сатып алу қағидаларының 53-тармағы). Осылайша, олар ТМККК және МӘМС жүйесі аясында қызмет көрсету үшін қосылу шартына автоматты түрде қосылған болып саналады.

Қосылу шартының жобасын Қор әзірлеп, уәкілетті органға (ҚР ДСМ) және «Атамекен» ҰКП ұсыныстар алу үшін жібереді, сондай-ақ оны көпшілік талқылау мақсатында Қордың ресми сайтында кемінде бір ай бұрын жариялайды.

Шартты қайта қараудың мақсаты Қор қосылу шартының мазмұнын Жоғарғы аудиторлық палатаның талаптарын, «Атамекен» ҰКП ұсыныстарын және Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ескере отырып оңтайландырды. Негізгі мақсат – тараптардың құқықтары мен міндеттерін сақтай отырып, серіктестік қарым-қатынастарды жетілдіру. Нәтижесінде:
- декларативті талаптар алынып тасталды;
- нормативтік-құқықтық актілерде қайталанатын нормалар жойылды;
- шарттың ашықтығы қамтамасыз етіліп, екіұштылықтың алдын алу шаралары қабылданды;
- экономикалық ықпал ету шаралары теңдестірілді;
- жеткізушілердің құқықтары қорғалды;
- серіктестік қарым-қатынас кеңейтілді;
- міндеттемелерді орындау тиімділігін бағалау жүйесі енгізілді.

Не өзгерді? 1. Жалпы ережелер ұзақ мерзімді шарттарға да қолданылады.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері қайта қаралды: айыппұл салу нормалары нақтыланды (бұрын анықталмаған жасырын ақауларға қатысты нормалар егжей-тегжейлі қарастырылды).
Медициналық қызмет көлемінің белгіленген пайыздан артық бірлесіп орындаушыға берілуі айыппұл салуға әкеледі. Мысалы, 30 мыңнан астам тұрғыны бар МСАК ұйымдарына консультативтік-диагностикалық қызметтердің 60%-ға дейінгісін аудандық деңгейде, 50%-ға дейінгісін қалалық деңгейде бірлесіп орындаушыға беруіне рұқсат етілген.

Жеткізуші өз өндірістік базаларына және бірлесіп орындаушылардың базаларына мониторинг жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.

 Қордың міндеттемелері бойынша да айыппұл енгізілді: Қор жеткізушімен келісілген актілер бойынша қызметтерге төлем жасаудан бас тартқан жағдайда немесе уақытылы төлем жүргізбесе, жеткілікті қаражат болған жағдайда айыппұл төлейді.
 
3. Бірлесіп орындау ережелері: бірлесіп орындаушыда анықталған бұзушылықтар негізгі жеткізушінің бұзушылықтары ретінде саналады.

4. Мониторинг нәтижелеріне апелляция енгізілді: жеткізуші мониторинг нәтижелеріне шағымдануға, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға құқылы. Бұл жағдайда айыппұлдар қолданылмайды.

5. Ақпараттық жүйелерді жаңарту жұмыстары төтенше жағдай ретінде саналады. Мұндай жағдайлар уәкілетті органның немесе Қордың хаты негізінде расталуы тиіс.

6. Міндеттемелерді орындауды бағалау индикаторлары қайта қаралды: индикаторлардың минималды мәндеріне қол жеткізілмеген жағдайда айыппұл қолданылады.

 Сонымен қатар, МӘМС жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасы аясында пациенттерді қолдау қызметі мен ішкі сараптама жұмыстарының тиімділік индикаторлары енгізілді. Жеткізушілердің шағымдарды қарау сапасы мен пациенттерге қолжетімді ақпаратты ұсынуы да бағаланатын болады.

7. Қордың құқығы кеңейтілді: Қор медициналық көмектің көлемі мен сапасын талдау жүргізуге және жеткізушімен келісілген мақсатты көрсеткіштерді қалыптастыруға құқылы. Көрсеткіштер орындалмаған жағдайда айыппұл қолданылады.

Жеткізушілердің міндеттері нәтижесінде 2,6 есеге оңтайландырылды – 40 тармақтан 17 тармаққа дейін қысқарды. Айыппұл салу шарттары 1,5 есе – 19 тармақтан 12 тармаққа дейін азайды. Жеткізушілердің құқықтары кеңейтілді – 6 тармақтан 9 тармаққа дейін өсті. Тапсырыс берушінің (Қордың) құқықтары мен міндеттері сандық жағынан өзгеріссіз қалды, бірақ ішінара қайта қаралды.
 
Жалпы алғанда, тараптар арасындағы қарым-қатынастар серіктестік негізде құрылып, медициналық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталады.
 
Қордың басқарма шешімімен қосылу шартының жаңа редакциясы 2024 жылдың 9 желтоқсанынан бастап күшіне енді және 2025 жылдың 3 қаңтарынан бастап медициналық қызмет жеткізушілері үшін міндетті болады.
10.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу